Белгілі америкалық бапкер Рики Фуньес EsNews-ке берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz.
Америкалық бапкер Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты
«Головкин – Альварес жекпе-жегі тең өтті, сондықтан карточкалардың біріндегі 118-110 есебін түсінбеймін. Егер төрешілер нәтижені аздап төмен ұпай санымен шығарғанда, жанкүйерлер қатты қапаланбас еді. Қайталап айтамын, жекпе-жек тең өтті, бірақ GGG сәл басым болды.
— Джейкобстың «Канеломен» немесе Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жегі туралы не ойлайсыз?
Меніңше, Дэнни Джейкобске қарағанда, GGG мен Альварес реваншының өту мүмкіндігі жоғары.
— Екінші жекпе-жекте кім жеңіске жетеді?
Реваншта қорғанысы мықты боксшы жеңеді.
Естеріңізге салып өтсек, Головкин – «Канело» жекпе-жегі төрешілер шешімімен тең аяқталды. Қос тараптың промоутерлері қарымта кездесу ұйымдастыру туралы уағдаласуда, реванш келесі жылдың мамырында өтуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или