Kickboxing жекпе-жек клубының жаттықтырушысы Головкиннің бокстасу әдісін мақтады
Нью-Йорктік Control Kickboxing жекпе-жек клубының жаттықтырушысы Пол Прашант Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) айқасы кезіндегі Геннадий Головкиннің соққы беру тәсілін аса атап өтті.
Әңгіме «оң жақтан оверхэнд - оң қолмен тура соққы» тәсілі жөнінде болып отыр. «Оң жақтан оверхэнд жасау - бокстағы ең қуатты соққылардың бірі. Ол тек жақсы орындауды ғана емес, сол қолмен байланысты да талап етеді. GGG бұрылып оң қолмен тура ұрып пәрменді соққы жасай алды. Сондықтан «Канело» үшін кезекті соққыны күту керектігі ұғынықты болды, оның қолғаптары бас жағын қорғайберген кезде орта тұсынан оң қолмен тура соққыға ашық болды», - деді Прашант.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или