Өткізіп алма
Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) арасындағы кездесу қай уақытта басталатыны белгілі.
Филипп Фондюдің айтуынша, қазіргі уақытта Белфест қаласында (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешінің кестесі Sky арнасымен талқыланып жатыр.
«Бокс кешіне қатысатын спортшылар тізімін бекітіп қойдық. Тіпті ол кестенің алдын ала жасалған нұсқасын да көрсетуге болады. Өйткені, Sky арнасымен де келісімге келдік. Жекпе-жекті көрсету құқығы толығымен осы арнаға тиесілі.
Бокс кеші Астана уақытымен 00:30- да (21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні) басталады. Ал кештің басты жекпе-жегіне шығатын Жақиянов пен Барнеттің кездесуі 03:45-ке жоспарланған», - дейді Фондю.
kaz.vesti.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или