Бобиржан Моминов Фабио Амитраноны ұтты

Бобиржан Моминов Фабио Амитраноны ұтты

Бүгін Аргентина астанасы Буэнос-Айресте қазақстандық Бобиржан Моминов пен жергілікті боксшы Фабио Амитрано жұдырықтасты.

Жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Амитраноға жасалған жойқын соққыдан соң бас төреші жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Бұл Моминовтың кәсіпқой рингтегі төртінші кездесуі болатын. Ол бәрін де жеңіспен аяқтап отыр.

Айта кетейік, Моминов мексикалық Сауль Альварестің лагерінде жаттығу жасап, онымен спарринг өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или