WBC Головкинді «Жыл адамы» деп таныды

WBC Головкинді «Жыл адамы» деп таныды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBC) қазақстандық Геннадий Головкинді «Жыл адамы» деп таныды. Бұл хабар ұйымның ресми Twitter парақшасында таратылды.

«Головкин – WBC нұсқасы бойынша «2017-жылғы жыл адамы». Бұл оның боксқа сіңірген ерен еңбегі үшін берілген марапат», - деді WBC президенті Маурисио Сулейман.

Естеріңізге салсақ, WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин соңғы кездесуін Сауль Альвареске қарсы өткізген болатын. 

Головкин — «Канело» жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтті. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или