Бекман Сойлыбаев: Golden Boy мені таңдағанына қуаныштымын

Бекман Сойлыбаев: Golden Boy мені таңдағанына қуаныштымын

<span>Қазанның 19-ы күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста Golden Boy Promotion ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды diamondring сайты.<span id="more-3912" /></span>

<span>Жерлесіміз сол жекпе-жекте екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Қарсыласы – мексикалық боксшы Фернандо Варгас.</span>

<span>– Тағатсыздана күтіп жүрмін. Өйткені, бұған дейін ешқашан Лас-Вегаста шаршы алаңға шығып көрмеген едім. Golden Boy Promotion компаниясының мені таңдағанына қуаныштымын. Бұл біздің командамыздың дұрыс жолда екендігін көрсетеді. Ал жалпы жекпе-жек кешінің өте жоғары дәрежеде өтетініне күмәнім жоқ. Тіпті, Америкадағы ең әйгілі телеарналардың бірі ESPN де тікелей эфирден көрсетеді екен. Өз тарапымнан Варгасты жеңіп, жанкүйерлерімді әдемі бокспен қуантуға бар күшімді саламын, – дейді Бекман Сойлыбаев.</span>

<span>Естеріңізге сала кетейік, бұл Бекман үшін кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жек болмақ. Бұған дейінгілердің барлығында жеңіске жеткен. Екінші жеңіл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің иегері. Бүгінде Лос-Анджелесте белгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или