Том Леффлер: Головкин айқасты мамыр айына дейін өткізгісі келеді

Том Леффлер: Головкин айқасты мамыр айына дейін өткізгісі келеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен ықтимал қарымта айқастың күнін атады.<br />«Біз Головкин-Альварес реваншының келесі жылдың мамыр айында өтуі үшін және жанкүйерлердің айқасты тағы да тамашалауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Өткен аптада «Канелоның» промоутері Эрик Гомеспен кездестім. Реваншты өткізу үшін біздің тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, ал ол өтуі тиіс, себебі бұл әлемдік ауқымдағы оқиға. «Канеломен» қарымта айқас - Геннадий үшін басымдық және Альварес те оны қалайды деп үміттенеміз. Егер келіссөздер сәтті өтсе, жекпе-жек 5 мамыр күні Синко де Майода өтеді», - деді Леффлер FightHub TV-ге берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин - «Канело» айқасы даулы тең нәтижемен аяқталған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или