Путинцева қытайлық теннисшіге есе жіберді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бейжің қаласында өткен қытайдың теннистен ашық біріншілігінің (China open-2017) алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>1 қазан күні өткен алғашқы айналым бәсекесінде, отандасымыз әлемнің 26-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Алайда Путинцева екі сетте 4:6,4:6 есебімен қарсыласына есе жіберіп, келесі айналымға өтпей қалды. Бұл екі теннисшінің алғаш рет белдесуі. Айта кетейік, Путинцева WTA-ның жаңартылған рейтингінде 48-інші орыннан 47-ге көтерілді. </span>
<span>Еске салайық, қыркүйек айында Жапония астанасы Токиода өткен жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс Чжан Шуайды 6:4 және 6:2 есебімен жеңген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или