WTA рейтингісінде Путинцева бір саты жоғарылады
<span>Теннистен әйелдер қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Әлемнің үздік теннисшілерінің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды. Рейтингтегі бірінші ракетка испандық Гарбинье Мугурусадан кейін румындық Симона Халеп орналасқан. Үшінші орын бұрынғысынша украиндық Элина Свитолинаға тиесілі. Қазақстандық Юлия Путинцева 48-інші орыннан 47-ге жылжып, бір сатыға алға ілгеріледі. Зарина Диас кері бағытта жылжып, рейтингісін 62-орыннан 63-ке төмендеді. Ярослава Шведова 28-орынан құлап, қазір 151-орынға тұрақтады. Жұптық кезеңде де Шведова 26-орынға төмендеді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или