Дычко аса ауыр салмақтағы боксшылар рейтингісіне енді

Дычко аса ауыр салмақтағы боксшылар рейтингісіне енді

Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жеткен Иван Дычко BoxRec.com беделді порталының аса ауыр салмақтағы боксшылардың рейтингіне енді. Бұл туралы Egemen.kz жазды. 

<span>27 жастағы қазақстандық боксшы 684-інші орынға орналасты. Еске салайық, 30 қыркүйек күні Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. </span>

<span>АҚШ-тың Даллас қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз алғашқы раундта америкалық қарсыласы Эйбур Райтты техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Вирджиниядан шыққан 34 жастағы боксшының спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін екі қарсыласынан басым түскен еді.<br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или