Әлемнің экс-чемпионы Жақиянов - Барнетт жұбының жеңімпазымен айқасты күтуде
IBF тұжырымы бойынша аса жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, британиялық Пол Батлер (24-1, 13 КО) өз жоспарлары туралы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>Мәселен, Батлер келесі жылы қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) пен солтүстікирландиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) арасындағы біріктірілген жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасуға ниетті. </span>
<span>«Алда бірнеше үлкен айқастарым бар. Көпшілік менімен өз еркімен жұдырықтасады деп ойламаймын, тек үлкен ақшалар үшін ғана. Джейми Макдоннелл жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірген болатын. Егер жеңсем, мен үшін барлық есіктер ашылады. Оның үстіне, Жақиянов-Барнет жекпе-жегінің жеңімпазы бар. Демек, егер барлығы жоспардағыдай болса, келер жыл мен үшін айтулы оқиғаларға толы болады», - деді Батлер Daily Star-ға берген сұхбатында. </span>
<span>WBA (Super) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының тағдыры шешілетін Жақиянов - Барнетт жекпе-жегі 21 қазанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі осы жекпе-жекке мынадай коэффициент ұсынып отыр: Барнеттің жеңісіне - 1.4, Жақияновтың жеңісіне - 3.38, тең нәтижеге - 26. </span>