Дычконың бапкері жанкүйерлерге алғыс білдірді

Дычконың бапкері жанкүйерлерге алғыс білдірді
Иван Дычконың жаттықтырушысы Дерик Сантос-Росарио қазақстандық аса ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберінің дебюттік айқасында оны қолдап отырған жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«DSBoxing-ті қолдаған жанкүйерлердің барлығына рахмет! Бірінші раундта техникалық нокаут!» - деп жазды Сантос Инстаграмдағы парақшасына.
Еске сала кетсек, Иван Дычко кәсіпқой рингтегі карьерасын бірінші раундта америкалық Эйбур Райтты ойсырата жеңіп, сәтті бастады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или