Сойлыбаевтың қарсыласы мексикалық Варгас туралы не білеміз
Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев 19 қазан күні өзінің 12-ші кездесуін өткізеді. Қазақстандық спортшының WBC International титулына Фернандо Варгас көз тігіп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Diamond Ring порталы ұсынған мәліметке сәйкес, мексикалық былғары қолғап шеберінің жасы 29-да. Толық есімі - Фернандо Варгас-Парра, лақап аты - Эль Феррозито. 2006 жылдың қыркүйегінде тұңғыш рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шыққан ол Мексикадағы ең мықты елу боксшының рейтінгісінде 13-ші орында тұр. Биылғы жылы Варгас үш рет шаршы алаңға шыққан. Оның екеуінде мерейі үстем болды.
Бокс әлеміндегі сарапшылар Варгасты чемпиондық титул үшін бағын сынауға лайықты қарсылас деп біледі. Еске сала кетейік, мексикалық Фернандо Варгас пен Бекман Сойлыбаев 19 қазан күні Лас-Вегастағы бокс кешінде қолғап түйістіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или