Бекман Сойлыбаев АҚШ-та мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Бекман Сойлыбаев АҚШ-та мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста Фернандо Варгаспен жұдырықтасатын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Лас-Вегаста 19 қазан күні үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Әлемге әйгілі ESPN спорттық телеарнасы арқылы қалың көпшілікке көрсетілетін аталмыш жекпе-жек кешінде Diamond Ring боксшысы Бекман Сойлыбаев өзінің WBC International чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. </span>

<span>Бекманның қарсыласы - мексикалық Фернандо Варгас. Кәсіпқой шаршы алаңда 47 айқас өткізген. 29 жастағы Варгас соның 32-сінде жеңіске жеткен, үш жекпе-жегі тең аяқталған. Кәсіпқой бокспен 2006 жылдан бері  айналысып келеді. </span>

<span>Өз кезегінде кәсіпқой бокста 11 айқас өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуінің иегері. Бүгінде Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте белгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр. </span>

<span>Лас-Вегастың «Monte Carlo Resort and Casino» кешенінде өтетін кәсіпқой бокс кешін Оскар Де Ла Хойя басқаратын «Голден бой» промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы пуэрториколық Габриэл Росадо (23-11, 13 KOs) мен АҚШ боксшысы орта салмақтағы үздіктердің бірі Глен Тапиа (23-4, 15 KOs) шаршы алаңға шығады.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или