Ресейлік файтер қарсыласын 36 секундта нокаутқа түсірді

Ресейлік файтер қарсыласын 36 секундта нокаутқа түсірді

ММА шебері Александр Емельяненко түрмеден шыққаннан кейінгі алғашқы кездесуінде бразилиялық Джеронимо Дос Сантосты ұтты.

Жекпе-жек 27 қыркүйекте Мәскеуде World fighting championship Akhmat (WFCA) турнирі аясында өтті. Айта кететін жайт, бұл Емельяненконың спорттық жолындағы 24-інші жеңісі.

Еске сала кетсек, Емельяненко 2016 жылы үй қызметкері Полина Степанованы зорлағаны және оның төлқұжатын ұрлағандығы үшін сотталған болатын. Воронеж облыстық соты оның жазасын екі жыл түзеу жұмысына ауыстырды. Мәскеудегі  Симоновский соты аралас жекпе-жек шеберін 2015 жылы 4,5 жылға бас бостандығынан айырып және 50 мың рубль айыппұл салған.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или