Бокс әлеміндегі аса беделді екі журнал Головкинді ең үздік деп таныды
Бокс тақырыбындағы ең беделді журналдардың бірі Boxing News өз сайтында салмағы ескерілмейтін үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тізімде бірінші орын қазақстандық Геннадий Головкинге берілді. Одан кейінгі орындарда мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд орналасты.
Алғашқы ондықта сонымен қатар мынадай боксшылар бар:
4. Василий Ломаченко
5. Срисакет Сор Рунгвисаи
6. Майки Гарсия
7. Мигель Котто
8. Гильермо Ригондо
9. Лео Санта Крус
10. Кит Турман.
Бокс туралы жазатын тағы бір көнеден келе жатқан журнал The Ring те P4P (pound-for-pound) рейтингін жаңартты. Онда да Геннадий Головкин бірінші орынға шықты. Бұл рейтингте мексикалық Сауль Альварес 6-орында. The Ring журналы нұсқасы бойынша алғашқы ондық мынандай:
1. Геннадий Головкин
2. Теренс Кроуфорд
3. Василий Ломаченко
4. Гильермо Ригондо
5. Сергей Ковалев
6. Сауль Альварес
7. Майки Гарсия
8. Наоя Иноуэ
9. Эррол Спенс
10. Срисакет Сор Рунгвисаи.