Гари Локетт: Головкинді балғамен ұрып та құлата алмайсыз
Кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBC және WBO тұжырымдамасы бойынша чемпиондыққа бұрынғы үміткер Гари Локетт Сауль Альварестің қаншама соққысына шыдаған Головкиннің иегіне таң қалды. Ал Питер Куиллин болса GGG-дің иегін гранитке теңейтінін айтты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Канелоға» көрсеткен қысымы үшін Головкин жеңіске лайық. Бокстағы ең мықты иек Головкинде болуы мүмкін. «Таза» соққыларға қалай шыдас бергенін көрдіңіздер ме? Тіпті Головкинді балғамен ұрсаңыз да, оған ештеңе болмайды», - деді Локетт Box Nation-ге берген сұхбатында.
Головкиннің иегін мықты деп санайтын Гари Локетт қана емес. Орта салмақта WBO тұжырымының экс-чемпионы америкалық Питер Куиллин Головкин-Альварес жекпе-жегі туралы пікірінде GGG-дің иегі гранит екенін айтты.
«Жақсы, сапалы жекпе-жек болды. Мен «Канелоға» лайықты бағасын беремін, себебі көп адам оны Головкиннің сынына шыдамайды деп ойлады. Альварес қатты соққылар қабылдады, жауап ретінде өзі де қуатты соққылар жұмсады. GGG-дің иегі гранит секілді. Ол бірнеше күшті соққылар алса да жұдырықтасуды жалғастырды. Өте жақсы жекпе-жек болды. Бірақ адамдардың көбіне төрелішердің шешімі жай түскендей әсер етті. Реванш болуы керек деп ойлаймын. Кім жеңетінін білмеймін, бокста бір жұдырықтың өзі бүкіл жекпе-жекті өзгертуі мүмкін, - деді Куиллин iFL.tv-ға берген сұхбатында.