Головкин - Альварес жекпе-жегі мамыр айында өтеді

Головкин - Альварес жекпе-жегі мамыр айында өтеді

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің қашан өтетінін айтып берді.

— Біз Геннадийдің өкілдерімен, промоутері Том Леффлермен келіссөздерді бастап кеттік. Жекпе-жек мамыр айында өтуі мүмкін. Мамыр айы — АҚШ-тағы PPV үшін жақсы уақыт. Дегенмен жекпе-жек наурыз айында да өтуі мүмкін. Барлығы келіссөздер барысында шешіледі, — деп келтіреді Эрик Гоместің сөзін BoxingScene сайты.

Айта кетейік, Головкин — «Канело» жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтті. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или