Еуропа құрамасы Laver Cup турнирін жеңді
Теннистен тұңғыш рет өткен Laver Cup турнирі Еуропа құрамасына бұйырды.
Рафаэль Надаль, Роджер Федерер, Марин Чилич, Томаш Бердых, Доминик Тим және Александр Зверевтен құралған команда Әлем құрамасынан 15:9 есебімен басым түсті. Шешуші ойында Роджер Федерер Ник Кирьостан айласын асырды - 4:6, 7:6, 11:9.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или