русский язык
Күрес

Алматыда халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді

Алматыда халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Халық Арена» спорт сарайында грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді.

Сонау 1994 жылдан бері Семей қаласында күрес әлемін біріктірген жарыс алғашқы рет Алматы қаласында ұйымдастырылмақ. Турнир Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген. Балуандар олимпиадалық ойынға жататын алты - 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түсіп, медальдарды сарапқа салады.

Дүбірлі додаға еліміздің беделді балуандарымен қатар Ресей, Иран, Корея, Венгрия, Беларусь, Қырғыстан, Өзбекстан және тағы басқа әлем мемлекеттері қатысады.

Алматы қаласы. «Халық Арена» спорт кешені. Халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогының» бағдарламасы.

29 қыркүйек:

10:00 – 15:00 Мандаттық коммисия жұмысы

17:00 – 17:45 Төрешілер коллегиясының отырысы

17:30 – 18:00 Командалар өкілдері мен бапкерлер жиналысы

18:00 – 18:30 Салмақ өлшеу рәсімі: 59, 75,98 кг

30 қыркүйек:

09:00 - 14:00 Бастапқы және жұбаныш белдесулер: 59, 75, 98 кг

14:00 - 15:00 Түскі үзіліс

15:00 - 15:30 Салмақ өлшеу рәсімі: 66, 85, 130 кг

16:00 - 16:30 Жарыстың ашылу салтанаты

16:30 – 1800 Финалдық белдесулер: 59, 75, 98 кг

18:00 – 18:30 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі

1 қазан:

09:00 - 14:00 Бастапқы және жұбаныш белдесулер: 66, 85, 130 кг

14:00 - 15:00 Түскі үзіліс

15:00 - 16:30 Финалдық белдесулер: 66, 85, 130 кг

16:30 – 18:00 Финалдық белдесулер: 66, 85, 130 кг

17:00 – 17:30 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

Естеріңізге салайық, Болат Тұрлыханов - Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Семей өңірінде дүниеге келіп, 1956 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырында талай сақа палуандарды баптап, оларды күрескерлік рухқа, жеңіске деген ерік-жігерлілікке, төзімді болып алға жылжуға, биік мақсат қоя біліп, асқақ арманға жетулеріне жетелеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;