Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді

Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың шаршы алаңға шығатын нақты күні белгілі болды, деп хабарлайды Diamond Ring сайты.

<span>Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International белбеуінің иегері өзінің чемпиондық атағын 19 қазан күні қорғайды. Қарсыласы алдағы аптада белгілі болады деп күтілуде.</span>

<span>Жекпе-жек Америкадағы ең әйгілі бокс ареналарының бірі Лас Вегастың Monte Carlo Resort and Casino залында өтеді. Мұнда өзінің айқастарын, негізінен, Джесси Варгас, Джесси Магдалено, Баду Джек сынды боксшылар өткізіп жүр.</span>

<span>Айта кетейік, бұған дейін Бекман ешқашан Лас-Вегаста жұдырықтасып көрмеген. Бұл оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-айқасы болмақ. Бұған дейінгілерінің барлығын жерлесіміз жеңіспен аяқтаған. Еншісінде WBC International чемпиондық белбеуі бар.</span>

<span>Қазір Diamond Ring боксшысы Лос-Анджелестегі Wild Card West бокс залында әйгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или