Алматыда дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді
Алматыда 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді.
<h4>Айта кететін жайт, бұған дейін Семей қаласында күрес әлемін біріктірген жарыс алғашқы рет Алматы қаласында ұйымдастырылмақ. Турнир ресми Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген. Балуандар олимпиадалық ойынға жататын алты - 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ бойынша белдесіп, медальдарды сарапқа салады.</h4> <h4>Естеріңізге салайық, Болат Тұрлыханов Семей өңірінде дүниеге келіп, 1956 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырында талай сақа палуандарды баптап, оларды күрескерлік рухқа, жеңіске деген ерік-жігерлілікке, төзімді болып алға жылжуға, биік мақсат қоя біліп, асқақ арманға жетулеріне жетелеген.</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или