Райан Барнетт: Жақияновтан белбеуді тартып алатын сәт алыс емес
Солтүстік ирландиялық боксшы Райан Барнетт (17-0, 9 КО) қазақстандық Жанат Жақияновпен кездесуін тағатсыздана күтіп жүр.
Жекпе-жек 21 қазанда Белфастта (Солтүстік Ирландия) өтеді.
Барнетт ең жеңіл салмақта IBFтитулының иегері, ал Жақиянов WBA (Super) чемпионы саналады.
«Мен үйреніп, мықты болып жатырмын. Үздік боламын. Өзімнің кезекті белбеуімді жеңіп алатын сәт алыс емес», - деп жазды Райан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или