Леффлер Головкиннің рингке қашан оралатынын айтты

Леффлер Головкиннің рингке қашан оралатынын айтты

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы рингке қашан оралуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, Головкин желтоқсанда жекпе-жек өткізбеуі мүмкін.

«Головкин рингке желтоқсанда шығады деп үміттенгенбіз. Бірақ осындай жекпе-жектен соң қаңтар немесе ақпанда оралатын шығар. Бірақ егер Канело реваншқа дейін кездесу өткізбейтін болса, біз де ешкіммен жұдырықтаспаймыз», - деді Леффлер.

Айта кетейік, Головкиннің соңғы жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті. Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен тең тарқасқан болатын. Енді боксшылар реванш өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или