Головкин мен Альварестің келіссөзі қай күні басталатыны белгілі
Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес пен оның K2 Promotions компаниясындағы әріптесі Том Леффлер таяу уақытта кездесіп, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегін өткізу жайын талқылайды, деп хабарлайды baq.kz.

Гоместің айтуынша, реваншты талқылау жергілікті уақыт бойынша осы аптаның жұмасында Лос-Анджелесте басталады.

«Ең маңыздысы, қос боксшы да қайта айқасқысы келіп отыр. Егер біреуі реваншты қаламаса, үлкен кедергі болар еді. Ал мұнда қарсыластар қаймығып тұрған жоқ, бұл процесті жеңілдетеді», - деді Гомес The Ring-ке берген сұхбатында.

Компания президенті жекпе-жек Мексиканың мамыр айындағы «Синко де майо» мерекесі кезінде өткізілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Бізге бұл дата ұнайды, өйткені үлкен спорттық шаралар өткізу үшін өте қолайлы. Ешқандай спорт түріне кедергі келтірмейді», — деп түсіндірді Эрик.