Коттоның бапкері Головкин - Альварес жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

Коттоның бапкері Головкин - Альварес жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

Мигель Коттоның (41-5, 33 КО) бапкері Фредди Роуч Boxingscene.com-ға берген сұхбатында Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке пікір білдірді. Бұл туралы Baq.kz сайты жазды. 

«Жекпе-жек өте жақсы өтті. Менің есептеуім бойынша Головкин екі ұпай басым болды. «Канелоны» АҚШ-та жеңу өте қиын. Тартысты жекпе-жекті көрдік, екеуінің де иегі мықты, дәл соққылар көп жасалды. Альварес мен ойлағаннан да көп қимылдады, ол бабында екен», - деді Роуч.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или