Хьюи Фьюри: Берд секілді төрешілерді бокстан шеттету керек

Хьюи Фьюри: Берд секілді төрешілерді бокстан шеттету керек

Британиялық боксшы Хьюи Фьюри америкалық төреші Аделаида Бердке қатысты ойын айтты. <br />Бұл төреші Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінде жеңісті 118:110 есебімен Канелоға берген болатын. Оның бұл шешімі жанкүйерлер мен мамандардың сынына ұшырады. <br />«Төрешінің аты – төреші. Бірақ Берд сияқты адамдарға бокста орын жоқ. Оларды аластату керек. Оларға көзілдірік сатып алу қажет. Жарқанаттар сияқты соқыр шығар, мүмкін. Бұл дұрыс емес, себебі олар адамдардың өмірін бұзып жатыр», - деді Фьюри. <br />Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или