Нұрбақыт Теңізбаевқа Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды

Нұрбақыт Теңізбаевқа Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды

<span>Бүгін қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды. </span>

<br /><span>Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы Қытай елінің астанасында өткен төртжылдықтың басты додасында 60 келі салмақта грек-рим күресінен қола медаль ұтқан. 2016 жылдың қараша айында отандасымызды жартылай финалда жеңген әзірбайжан балуаны Виталий Рагимовтың допинг қолданғаны белгілі болды. </span><span>Нәтижесінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әзірбайжан спортшысының жүлдесін кері қайтарып, Нұрбақытты күміс жүлдегер ретінде таныған.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или