Альварес жеңді деген төреші жекпе-жекке қалай баға беретінін айтты

Альварес жеңді деген төреші жекпе-жекке қалай баға беретінін айтты

Геннадий Головкин-Сауль Альварес жекпе-жегіне төреші болған Аделаида Бердтің жекпе-жекке неге сүйеніп баға беретіні белгілі болды.

Аделаида Берд бұған дейін де күмәнді шешім қабылдап, қоғамда дау туғызған екен. Оны өзі ашық мойындап отыр. 2012 жылы өткен Брэндон Риос пен Ричард Абриль арасындағы жекпе-жекте Риос ұтып тұрса да, жеңісті Абрильге беріп жіберген.

Сонымен қатар төреші жекпе-жекке баға беру тәсілін де атап өткен. Оның айтуынша, раундта басым түсу үшін агрессор болудың қажеті жоқ. Өйткені соққыларың дәл тимей жатса, жеңіске жетпейсің.

«Шындығында сен ештеңе істеген жоқсың, жәй ғана қысым көрсеттің. Боксшы соққысын дәл тигізуі керек. Қорғанысы да мықты болуы қажет, қарсыласын мүлт кетуге мәжбүрлеуі тиіс. Дәл және тиімді соққы жасау маңызды. Кім жеңгенін осылай бағалаймын», - дейді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или