Әлем чемпионатына қатысатын жастар құрамасы белгілі
Қазақстан жастар құрамасының дзюдодан әлем біріншілігіне қатысатын құрамы белгілі болды, – деп хабарлайды Дзюдо федерациясының ресми сайты.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты 18-22 қазан күндері Хорватия елінде өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
55 кг: Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
55 кг: Дамир Болатбеков (Алматы облысы)
60 кг: Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
60 кг: Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы)
66 кг: Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы)
66 кг: Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)
73 кг: Мадияр Сембаев (ШҚО)
73 кг: Дидар Хамза (ОҚО)
90 кг: Ерасыл Болат (Алматы қаласы)
+100 кг: Санжар Жаббаров (Қарағанды облысы)
Қыздар:
44 кг: Абиба Абужақынова (Алматы облысы)
48 кг: Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)
48 кг: Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)
52 кг: Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)
57 кг: Аида Карчаева (Жамбыл облысы)
63 кг: Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)
63 кг: Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)
70 кг: Перизат Қадірбекова (ОҚО)
78 кг: Назерке Тілеуханова (ШҚО)
+78 кг: Камила Берліқаш (Алматы облысы)