GGG – Канело кездесуінің тағы бір төрешісі сынға ілінді

GGG – Канело кездесуінің тағы бір төрешісі сынға ілінді

Los Angeles Times журналисі Анхель Родригестің пікірінше, Аделаида Бердтен бөлек, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің тағы бір төрешісі Дон Треллаға көңіл бөлу қажет.

«Неліктен ешкім Дон Трелланың есебі туралы жақ ашпайды, ол жетінші раундты Канелоға берген. Ол сөзсіз GGG-дің раунды болатын, соның кесірінен тең есеп тіркелді», - деп жазды Родригес твиттерде.

Трелла аталған кездесуде тең есепті тіркеген жалғыз төреші – 114:114. Дэйв Моретти болса, 115-113 есебімен Головкин ұтты деген шешім шығарды. Ал Альвареске 118-110 есебімен жеңісті берген Аделаида Берд үлкен сынның астына ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или