Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді құттықтады

Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді құттықтады

Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан шын жүректен құттықтады.

«Сіздің еңбектеріңіздің жемісі қазақстандықтарды, үлкен қуанышқа бөлеп, жақсы өмір сүруге ұмтылдырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мақсатымызға жету үшін барлық ынта-ықыласқа қызмет ететініне шын жүректен қуаныштымын. Сіздің сәтті сайыс көрсеткеніңіздің арқасында Қазақстанның әлемдік аренадағы спорттық беделі нығайып, жоғарылай түсті. Қазақстандық имиджді нығайтуға қосқан зор үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін!», деді министр А.Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ қазақстандық боксшыға деніне саулық, отбасына амандық және келешекте әлемдік аренада жарқын жеңістер тіледі!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или