Головкин - «Канело» жекпе-жегінің төрешісі қызметінен шеттетіледі

Головкин - «Канело» жекпе-жегінің төрешісі қызметінен шеттетіледі

Невада штатының Атлетикалық комиссиясының басшысы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекте қазылық еткен Аделаида Бёрд жұмыстан шеттетілетінін мәлімдеді.

Аделаида Бёрд Головкин - «Канело» жекпе-жегіне 118-110 ұпай қойып, Сауль Альваресті жеңіске жетті деп шешкен. Невада штатының Атлетикалық комиссиясының басшысының айтуынша төреші көп жекпе-жектерде қазылық етуден шеттетіледі.

<span>Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жекте төрешілердің ойы екіге бөлінді. Бір төреші жеңісті Головкинге берсе, енді біреуі Альвареске берді. Ал үшінші төреші жекпе-жек тең өтті деп шешіпті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или