Қайрат Ахметов филиппиндік қарсыласын тізе бүктірді

Қайрат Ахметов филиппиндік қарсыласын тізе бүктірді

<span>Жеңіл салмақта ONE FC бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметов Индонезия елінде филиппиндік Гетдже Эустакио жеңді.</span>

Қайрат Ахметов ONE FC Championship Total Victory турнирі аясында өткен жекпе-жекте филиппиндік Гетдже Эустакиодан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Жекпе-жек Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен.

Кездесу аяқталған соң <span>«Қазақ» өзі есе жіберген Адриано Мораесті қарымта жекпе-жек өткізуге шақырды.</span>

<span>Айта кетейік, </span>5 тамыз күні Макаода өткен ONE FC Kings and Conquerors промоушенінің турнирінде «Қазақ» бразилиялық Адриано Мораестен жеңіліп, ONE FC белбеуінен айырылып қалған болатын.

<span>Бұған дейін Қайрат Ахметов аралас жекпе-жекте 21 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или