Головкин - «Канело» не себепті Ресейде көрсетілмейді

Головкин - «Канело» не себепті Ресейде көрсетілмейді

Ресейлік комментатор Григорий Стангрит қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек не себепті Ресей телеарналарында көрсетпейтінін түсіндірді.

Оның айтуынша Golden Boy промоутерлік компаниясы ресейлік екі телеарнаға жекпе-жекті көрсету құқығын сатудан бас тартқан. Промоутерлік компания Ресей арналары арқылы заңсыз көрсетілімдер көбейіп кетуден қорқады.

«Өкінішке орай, «Канело» - Головкин жекпе-жегін Ресейде ешбір арна көрсетпейді. Golden Boy біздің арналар арқылы заңсыз көрсетілімдер көбейіп, PPV-ақылы көрсетілімге кері әсерін тигізеді деп қорқады. Екі ресейлік телеарна жекпе-жекті көрсету құқығын сатып алмақ болған, алайда Golden Boy бас тартты», - деп жазды Стангрит Твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізеді.

Жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или