Қайрат Ахметов - Гетдже Эустакио жекпе-жегінен тікелей эфир
Бүгін, 16 қыркүйек күні жеңіл салмақта ONE FC бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметов пен филиппиндік Гетдже Эустакио арасында жекпе-жек өтеді.
Prosports.kz назарларыңызға аталған жекпе-жектен тікелей трансляцияны ұсынады: СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2.
Total Victory турнирі Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ал Ахметов-Эустакио арасынадғы кештің басты жекпе-жегі 21:30-да басталады деп жоспарлануда.
5 тамыз күні Макаода өткен ONE FC Kings and Conquerors промоушенінің турнирінде «Қазақ» бразилиялық Адриано Мораестен жеңіліп, ONE FC белбеуінен айырылып қалған болатын.
Айта кетейік, Қайрат Ахметов аралас жекпе-жекте 21 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында жеңіск жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді. Егер «Қазақ» филиппиндік қарсыласы Гетдже Эустакионы тізе бүктірсе, ONE FC белбеуінен қайтаруға мүмкіндік алады. Жекпе-жек Джакарта қаласында өтеді.