Бокс

Жалғасы бар... «Ғасыр жекпе-жегі» тең аяқталды

Жалғасы бар... «Ғасыр жекпе-жегі» тең аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегастың T-Mobile аренасында «ғасыр жекпе-жегі» аяқталды.

Бәсте Головкинге тиесілі төрт белбеу мен The Ring журналының чемпиондық белбеуі тұрған.

Алғашқы раундтарда боксшылар тең деңгейде жұдырықтасқан. Екеуі де шабуылды сақ жасады. Бірақ 4-раундтан бастап Головкин жекпе-жекті өз қолына алды. Нәтижесінде, боксшылар 12 раунд бойы қолғап түйістіріп, жеңімпазды төрешілер анықтады. Төрешілер қос боксшы да тең түсті деген шешім қабылдады.

Осылайша, GGG кәсіпқой бокстағы 37 жеңісіне бір тең нәтижені қосты. Ал Альварес 53 кездесуде екінші рет тең түсіп отыр.

09:52

11 раунд. Он бірінші раундта екі боксшы белсенділік танытпады.

09:48

10 раунд. Бұл кезеңде қос боксшы ашық айқасқа барды. Қорғаныста қалып қоймай, көбінше шабуылдады.

09:44

9 раунд. Тоғызыншы раундты екі боксшы да бір деңгейде өткізді. Бірнеше дәл соққылармен алмасып үлгерді.

09:40

8 раунд. Аталмыш кезеңде Альварес Головкинге бірнеше дәл соққысын дарытты. Ал Генаның жұмысы өнбей жатыр.

09:36

7 раунд. Жетінші раундта қос боксшының белсенділігі азайды. Дегенмен Головкиннің соққылары қарсыласына қарағанда дөп тиіп жатты.

09:32

6 раунд. Жекпе-жектің жарты бөлігі артта қалды. Қос боксшы бір деңгейде жұдырықтасты.

09:28

5 раунд. Бұл кезеңде Геннадий Головкин жекпе-жектегі басымдығын арттыруын жалғастырды. GGG мексикалықты бұрышқа тықпырып, көп соққысын дарытты.

09:24

4 раунд. Төртінші раундта Геннадий Головкин көп шабуылдап, өз пайдасына шешті. Ал Канело болса сәл шаршаңқырағандай.

09:20

3 раунд. Жекпе-жектің үшінші бөлігін Альварес әдеттегідей белсенді бастады. Ал Головкин болса баса назарды қорғанысқа аударды. Дегенмен үшінші раундтың орта тұсында GGG жекпе-жек тізгінін өз қолына алды. Алайда Канелоның қорғанысы мығым.

09:16

2 раунд. Екінші раундта мексикалық боксшы анық басымдық танытып, Геннадий Головкинге бірнеше дәл соққысын дарытты. Ал қазақстандық боксшының ойыны жүрмей жатыр.

09:13

1 раунд. Жекпе-жекті қос боксшы белсенді бастады. Бірнеше соққы алмасып үлгерді. Алғашқы раунд тең аяқталғандай.

09:10

Жекпе-жек басталды!

09:00

Жекпе-жек өтетін T-Mobile Arena спорт кешенінен фото.

8:50

Қазақстанның әнұраны шырқалды.

8:30

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жек алдында НВО арнасына кішігірім сұхбат берді.

«Мен нағыз айқасқа, төбелеске дайынмын», - деді Головкин НВО арнасына.

08:00

Головкин жекпе-жекке дайындалуда.

07:30

Геннадий Головкин Саул Альвареспен кездесуге киіп шығатын спорттық киімі мен қазақтың ұлттық шапанын көрсетті.

22:10

Кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп, алтауында да жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев 17 қыркүйек күні таңертең өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі туралы өз ойын білдірді.

– Мен орналасқан Майамиде қазір жұрттың әңгімесі тек осы жекпе-жек жайлы болып отыр. Әр бұрышта Головкин мен Альварестің айқасы туралы пікірталас қызып тұр. Көбісі Геннадийдің жеңетініне сенімді. Менде де солай. Жерлесіміз бұл жекпе-жекке барынша дайындалып, бабында келді деп ойлаймын. Әлбетте «Сары баладан» да қауіп көп. Қазіргі заманның ең мықты боксшыларының бірі. Оның үстіне Головкинмен салыстырғанда жас. Алайда мен Triple G нокаутпен жеңеді деп отырмын. Мұндай айқастарда бәрін бір соққы шешеді. Сол соққыны Головкин жасауы тиіс. Дегенмен егер сегізінші раундқа дейін нокаутқа түсірмесе, одан кейін «Канело» құламайды. Соңына дейін шыдайды да, төрешілердің шешімін күтетін боламыз, – деді Айдар Шәрібаев.

Сұхбаттың толық нұсқасы.

Шәрібаев: Головкин - Альварес текетіресі трилогияға айналуы мүмкін

22:05

Геннадий Головкин командасымен бірге мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек өтетін T-Mobile спорт кешеніне келіп жетті.

Картинки по запросу t-mobile arena new york

21:50

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі.

- Сəттілік тілеймін, бауырым. Керемет жекпе-жек болайын деп тұр, Алла қаласа, - деп жазды Ардақ Назаров Instgram парақшасында.

21:30

Ресейлік комментатор Григорий Стангрит қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек не себепті Ресей телеарналарында көрсетпейтінін түсіндірді.

Оның айтуынша Golden Boy промоутерлік компаниясы ресейлік екі телеарнаға жекпе-жекті көрсету құқығын сатудан бас тартқан. Промоутерлік компания Ресей арналары арқылы заңсыз көрсетілімдер көбейіп кетуден қорқады.

«Өкінішке орай, «Канело» - Головкин жекпе-жегін Ресейде ешбір арна көрсетпейді. Golden Boy біздің арналар арқылы заңсыз көрсетілімдер көбейіп, PPV-ақылы көрсетілімге кері әсерін тигізеді деп қорқады. Екі ресейлік телеарна жекпе-жекті көрсету құқығын сатып алмақ болған, алайда Golden Boy бас тартты», - деп жазды Стангрит Твиттердегі парақшасында.

21:00

"Бойға" шақырту

20:30

The42.ie сайты Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдағы жекпе-жегін бокс әлеміндегі мақтан тұтарлық классикалық айқас деп атады.

19:00

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне келген жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

«Мені қолдап келген барлықтарыңызға рахмет. Ертең кездесеміз. #BigDramaShow», - деп жазады Геннадий Инстаграмдағы парақшасында.

18:00

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуінің иегері Бекман Сойлыбаев 17 қыркүйек күні таңертең өтетін Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы айқасқа өз болжамын жасады.

– Бұл жекпе-жектерді бір-бірімен салыстырудың мүлдем қажеті жоқ. Өйткені ертеңгі айқас көктемдегі кездесуге мүлдем ұқсамайды. Ол кезде Джейкобстың бойы да, қолы да ұзын болатын. Головкинмен салыстырғанда біршама ауыр екені денесінен-ақ көрініп тұрды. Сондықтан Геннадийді жақындатпай, үнемі арақашықтықты сақтап отырды. Ал Альварес ондай емес. Керек болса, төбелесіп кетеді. Алға шабуылдаудан қорықпайды. Головкинге де керегі осы. Меніңше, «Канелоның» жұдырықтасу мәнері жерлесімізге жақсы. Оның үстіне ол біздің боксшыға қарағанда аса ірі де емес. Бұл бүкіл әлем көз тігетін тамаша айқас болады, –деді Бекман Сойлыбаев.

17:30

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов өзінің отандасы Геннадий Головкинге алдағы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі.

«Достар, Геннадий Головкинге жанкүйерлік етейік! Жылдам әрі жойқын соққы жаса», - деп жазды ZZ Instagram желісіндегі парақшасында.

16:55

Бернард Хопкинс мексикалық боксшы Сауль Альварестің жеңісіне сенімді. Бұл туралы Boxing Scene сайтының Твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

16:30

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам өзінің отандасы Геннадий Головкинге алдағы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі.

15:55

Жер жаһанның түкпір-түкпірінен GGG-дің жанкүйерлері Лас-Вегасқа "ағылуда".

Көк байрақты көтерген отандастарымыз да төбесін көрсетіп жатыр.

20 мың көрермен сидыратын T-Mobile аренада жекпе-жектер кеші 14 сағаттан кейін басталады. Ал Астана уақытымен тікелей көрсетілім сағат 08:50-де таратылады.

Жекпе-жекті тікелей эфирде МЫНА ЖЕРДЕН көруге болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер