Қанат Ислам: Гена – менің ағам!

Қанат Ислам: Гена – менің ағам!

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам өзінің отандасы Геннадий Головкинге алдағы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі.

«Гена – менің ағам! Гена – елімнің мақтанышы! Гена - əлемдік бокс жұлдызы! Жекпе-жегінде бауырыма сəттілік тілеймін. Бұл жолғы қарсылас оңай емес. Тəжірибелі де талантты боксшыларды ұтқан – атақты Канело. Бірақ мен GGG өз мақсатына жетпей қоймайтын намысты боксшы екенін білемін. Оны талай дəлелдеді. Жаттықтырушысы осы жолы да дұрыс тактика қойып, алғашқы раундта-ақ тізгінді Гена өз қолына алатынына күмəнім жоқ. Мейвезерден ұтылған Канелоның екінші жеңілісі біздің батырдан болады деп сенемін! Ел сенеді. Үміт артады. Көк туды желбірет, батыр!», - деп жазды QAZAQ Instagram-да.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или