Бапкер Головкиннің жекпе-жек алдында қандай тамақ жеп жүргенін айтты

Бапкер Головкиннің жекпе-жек алдында қандай тамақ жеп жүргенін айтты

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының физикалық тұрғыдан керемет формада екенін, артық салмағы жоқ екенін мәлімдеді.

«Геннадий күн сайын стейк жейді. Соған қарағанда қазақстандықтар көп ет жегенді ұнататын сияқты, солай ма? Міне, ол да үнемі ет жейді. Қазір салмағымен проблема жоқ. Кеше салмағы 161 фунт болды. Оның салмағы тамаша!», - дейді Санчес.

Естеріңізге салып өтсек, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы 20 мыңдық T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Астана уақытымен жекпе-жек жексенбі күні таңертең басталады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или