Головкин Альвареспен кездесуге дайындығы туралы айтты

Головкин Альвареспен кездесуге дайындығы туралы айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) айқастының алдында өз ойын айтты.

«Мен денемді шыңдау үшін күш түсіретін жаттығулар жасап жүрмін. Әсіресе, мойынға салмақ түсіру арқылы жаттығулар жасап жатырмыз. Менің ағам Максим - әр айқастың алдында менің жаттығуыма қатысады. Біз бірге жұмыс істейміз, ол маған үнемі көмектеседі. Отбасы - мен үшін бәрінен маңызды», - деді Головкин.

Боксшының айтуынша, ол өзінің дағдыларын дамыту үшін жаңа әдістер іздейді. «Мен «Big Bear» жаттығу базасына келгеннен бастап дайындық үзіліссіз жүріп жатыр. Бапкерім Абель Санчес мені жекпе-жекке дайындау үшін жаңа әдіс-тәсілдер үйретуде. Мен әлем чемпионының қандай болу керектігін білемін, сондықтан бар күшімді салып жұмыс істеп жатырмын», - деді Головкин.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или