Головкин мен Альварес көз арбасты

Головкин мен Альварес көз арбасты

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз мәслихатын, ал кейін көз арбасу рәсімін өткізді.

Қазақстандық боксшы промоутерлерге, демеушілер мен ұйымдастырушыларға, сонымен қатар, HBO PPV телеарнасына алғыс білдірді .

«Бұл бокс үшін өте маңызды уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын, Альварестің командасын құрметтеймін. Бұл біз үшін маңызды күн! 16 қыркүйекте T-Mobile аренасына қош келдіңіздер, бұл ірі әрі тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше», - деді Головкин. 

Альварес те өзін қолдаған барлық адамға алғыс білдірді.

«Сіздер мені білесіздер: мен көп сөйлей алмаймын. Менің бар айтпағым - мен дайынмын. Жекпе-жектің тым ауыр болатынын білемін, бірақ мен оған дайынмын. Сіздер осы жекпе-жектен ләззат алсын деген тілектемін. Сенбіде кездескенше», - деді Альварес. 

Баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін боксшылар көз арбасты.

Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или