GGG – Канело кездесуіне 50 мың долларға билет сатылды

GGG – Канело кездесуіне 50 мың долларға билет сатылды

ESPN журналисі Даррен Роуэлл Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің билет сатылымы туралы қызықты ақпаратпен бөлісті.

Түрлі шараларға билет сатумен айналысатын StubHub порталында өткен сенбіде дәл ринг алдындағы екі билет сатылған. Әр билеттің құны – 24 805 доллар.

Айта кетейік, негізгі билеттердің ең қымбаты 5 мың доллар саналады.

Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или