Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров IBF рейтингінде өз орындарын сақтап қалды 

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров IBF рейтингінде өз орындарын сақтап қалды 

IBF тұжырымы бойынша әлем боксшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Қазақстандық боксшылар Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров тізімде өз орындарын өзгерткен жоқ - Ислам бірінші орта салмақтағы рейтингте үшінші, ал Тұраров - жартылай орта салмақтағы ТОП-15-те 12-ші орында қалды. </span>

<span>Айта кетейік, рейтинг тамыз айындағы нәтиже бойынша жарияланған және Ислам мен Тұраровтың 9 қыркүйектегі айқастарының жеңістерін есепке алмаған. Біздің боксшылардың позициялары келесі айдағы релизде өзгеруі мүмкін. </span>

<span>Еске салайық, сенбі күні Астанада бокс кеші өтті. Оның аясында Қанат Ислам техникалық нокаутпен канадалық Брэндон Кукты жеңсе, Жанқош Тұраров судьялардың бірауыздан шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромэядан басым түсті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или