Головкин - Альварес жекпе-жегінде Кэнни Бейлис төрелік етеді

Головкин - Альварес жекпе-жегінде Кэнни Бейлис төрелік етеді

Бокс әлеміндегі ең танымал реферилердің бірі Кэнни Бейлис Геннадий Головкин - Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекте қызмет етеді. 

Естеріңізге сала кетсек, қос боксшы арасындағы кездесу қыркүйектің 17-і, Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтеді.

Бейлис әлемнің үздік боксшысы Флойд Мейвезерздің сүйікті төрешісі. Кэнни оның бірқатар кездесуінде қазылық еткен болатын: Оскар Де ла Хойя, Шейн Мосли, Саул Альварес пен Мэнни Пакьяоға қарсы жекпе-жектерде. 

Айта кетер жайт, 67 жастағы маман бұған дейін Геннадий Головкиннің кездесулерінде жұмыс істемеген екен. 

Сондай-ақ, Головкин - Альварес жекпе-жегінде мына төрешілер қызмет атқарады: Аделайд Берд, Дэйв Моретти мен Дон Трелла. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или