Зарина Диас WТА рейтингінде ТОП-100-ге енді
US Open қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өкілдерінің жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеке дәреже бойынша бірінші бағанға испан теннисшісі Гарбинье Мугуруса, оның соңынан румындық Симона Халеп және украиндық Элина Свитолина орналасты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева екі орынды артқа тастап, 52-інші орынды иеленді. Зарина Дияс тоғыз баған жоғарылап, рейтингтің бірінші жүздігін аяқтады.
Ярослава Шведова 44 орынға төмендеп, 126-ыншы орынға тұрақтады. Жұптық дәрежеде Шведова 23-інші орынды иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или