WBC чемпионы Головкинді Терминаторға теңеді

WBC чемпионы Головкинді Терминаторға теңеді

WBC нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионыі Тони Бель (29-2-1, 19 КО) алда өтетін Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Головкин күші зор, мықты спортшы. Ол тек алға ғана жүреді. Оны Терминатор деп атасаңыз да болады. Сондай-ақ, ол кез келген жағдайға икемді. Головкиннің бұл қасиетін бағаламау мүмкін емес. «Канелода» күшті боксшы. Оның үстіне ол мықты қорғана алады. Сондықтан  бұл жекпе-жек өте қызық, тартысты болуы керек», - деп атап өтті британдық боксшы Тони Бель.  

Оның сөзіне қарағанда, Головкин ұпай саны бойынша жеңіске жетеді, әйтпесе жекпе-жектің соңына қарай қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа жіберуі әбден мүмкін.

«Менің ойымша, екі боксшы  алғашқы 4 раундта өте сақ қимылдайды, сосын «Канело» стилистикалық үздік бокс үлгісін көрсетеді. Алайда ол Головкиннің соққыларына шыдас бере алады ма?», -  дейді әлем чемпионы.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или