Руслан Мәдиев АҚШ-та оныншы жеңісіне жетті
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (9-0, 4КО) бүгін бірінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.
АҚШ-та қазақстандық боксшы мексикалық Абдиэл Рамиреспен (23-1-1, 21 КО) жұдырықтасты. 8 раундта жалғасқан жекпе-жек 8<span>0:72, 79:73, 79:73 есебімен Руслан Мәдиевтің жеңісімен аяқталды.</span>
<span>Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Осы күнге дейін жеңіліс дәмін татпай келеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или