Хамитов: Арманның есесін қайтарып беруге дайынмын

Хамитов: Арманның есесін қайтарып беруге дайынмын

Танымал ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов<span> </span>бүгінгі Арман Оспановтың жеңілісі туралы айта келе Тиаго Сильвамен кездесіп отандасының кегін алып беруге дайын екендігін жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

«Екі апта бұрын маған жергілікті ұйымдастырушылар хабарласып Қазақстанда жекпе-жек өткізуді ұсынды. Сол сәтте олардың ұсынысы мені қызықтырмаған болатын. Алайда, бүгін бразилиялықтың жеңісінен соң мен жерлесімнің кегін қайтарып бергім келеді. Қытайдың жеңіл салмақтағы үздік жауынгерінің кездесуін көретін кез келді. Ұйымдастырушылар кездесуді жасаңыздар», - деп жазды Хамитов өзінің «Инстаграмында». 

Естеріңізге салсақ, бүгін қазақстандық файтер Арман «Сұңқар» Оспанов «Alash Pride FC – ACB» халықаралық турнирі аясында бразилиялық Тьяго Луис Силваға қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған болатын

Тьяго Луис Силва Арман Оспановты қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл Арман Оспановтың спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Қуат Хамитов та соңғы жекпе-же-жегінде жеңілістің кермек дәмін татқан. Ресей жерінде қазақстандық Қуат Хамитов (17-4-1) пен ресейлік Магомедсайгид Алибеков кездесіп, төрешілердің шешімімен соңғысы жеңіске жеткен. 

Кейін Қуат Хамитов оның қарсыластарының бәрі допинг қолданады деп айыптаған<span>. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или