25-0-0. Qazaq қарсыласын нокаутқа түсірді

25-0-0. Qazaq қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Астанада өткен бокс кешінде канадалық Брэндон Куктан айласын асырды.

Бұл Qazaq  үшін кәсіпқой бокстағы 25-ші жекпе-жек болатын. Бұған дейін тек өз елінде ғана жұдырықтасқан Куктың бұл 19-шы кездесуі. Алғаш рет шетелде жұдырықтасып отыр. Қанат та, Брэндон да бұған дейін барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.

Бірінші раундтан-ақ қос боксшы алма кезек соққы жасасты. Бірақ кейін Қанат өз жанкүйерлерінің қолдауымен шабуылға көшті. Нәтижесінде Ислам үшінші раундтың соңында оң қолымен жойқын соққы бағыттаған – Кук нокдаунға түсті.

Артынша Брэндон тағы бір нокдаун алған. Жеңістің иісін сезген қазақстандық боксшы шабуылын жалғастыра берді. Нәтижесінде тоғызынша раундта Қанат техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, Қанат Ислам WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или