Арман Оспанов мансабында алғашқы рет жеңілді. Видео
Қазақстандық файтер Арман «Сұңқар» Оспанов «Alash Pride FC – ACB» халықаралық турнирі аясында бразилиялық Тьяго Луис Силваға қарсы жекпе-жек өткізді.
Арман Оспанов ережесіз жекпе-жекте 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Тьяго Луис Сильва 12 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түссе, бесеуінде жеңіліс тапқан.
Қос спортшы жекпе-жекті қарқынды бастады. Дегенмен бразилиялық «Сұңқардың» шабуылдарына төтеп берді. Тіпті Арманды партерде ұстап алмақ болды. Екінші раундта Тьяго Луис Силва Арман Оспановты қылқындыру әдісімен жеңді.
Осылайша Арман Оспанов мансабындағы алғашқы жеңіліс дәмін татты. Дегенмен айта кетейік, Арман бұл жекпе-жекке жарақатпен шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или